Сенбі, 21 желтоқсан, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін» – Трамп

19.05.2024

432 0

Сурет: Mary Altaffer

АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп қазіргі америкалық басшылықтың қабілетсіздігінің кесірінен сайлауға дейін қалған бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін айтты.  eadaily.com хабарлайды. 

Экс-президент өзінің президент ретіндегі мұрагері және бәсекелесі Джо Байденді меңзеп, оның кесірінен алдағы бес ай қауіпті екенін жеткізді. 

«Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз. Өйткені қазіргі қарудың күші қорқынышты. Алдағы бес айда біз үшінші дүниежүзілік соғысқа ұшырауымыз мүмкін»,
 – деді ол.

Трамп сонымен қатар қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы «қорқынышты» қақтығысты шешуге уәде беретінін жеткізді. Ол егер АҚШ-ты басқаруды жалғастырса, бұл қақтығыстың пайда болуына жол бермейтінін қайталады.

Трамп бұған дейін қайта сайланған жағдайда Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысты небәрі 24 сағат ішінде шешуге ниетті екенін бірнеше рет айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: