Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

АҚШ-та 100 және 102 жастағы қарттар отау құрған

28.05.2024

451 0

Сурет: Foxnews

АҚШ-тағы Филадельфияда 100 және 102 жастағы жұп қарттар үйінде отау құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 мамырда Филадельфияда 102 жастағы Марджори Фитерман мен 100 жастағы Берни Литтман үйленді. Бұл – олардың алғашқы некесі емес, бұған дейін екеуі де үйленген.

Жұбайлар он жыл кездескен екен. Қарттар үйінде танысқан. 

Жұптың таныстары екеуі пандемия кезінде бір-бірін қолдағанын, жеке өмірлеріне мән бергенін айтты. 

Литтманның отбасы оны қайтадан үйленгісі келеді деп ойламаған. Литтман марқұм әйелі Берниспен 65 жыл тұрған, олардың екі баласы, төрт немересі және тоғыз шөбересі бар. 

Екі қарттың балалары олар жай ғана кездесіп жүреді деп есептеп, екеуі отау құруы мүмкін деп ойламапты.

Олардың алғашқы кездесуі Литтманның шөберелерінің бірі дүниеге келген күні болған. Олар қызық костюмдер кешінде кездесіпті. 

Қарттар 100 жасқа келгенде қосылғанымен, жас кезінде екеуі де бір уақытта Пенсильвания университетінде оқыған екен. Бірақ әртүрлі факультетте оқығандықтан, бір-бірін танымаған.

Жұп ең қарт жұп ретінде тіркелу үшін Гиннес рекордтар кітабына өтініш тастаған.

Қазір Гиннес рекордында 2015 жылы 13 маусымда үйленген ағылшын жұбы тұр. Дорин мен Джордж Кирбидің жасын қосса, 194 жыл 279 күн болады. Фитерман мен Литтманның жасын қосса, 202-ден асады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: