Жұма, 22 қараша, 08:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Автобус аударылып, 45 адам мерт болды

30.03.2024

776 0

Сурет:stan.kz

Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясында автобус аударылып, 45 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оңтүстік Африканың SABC агенттігінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қоршауға соғылып, шамамен 50 метр биіктіктен шатқалға құлаған. Жол апаты Мокопане мен Маркен қалаларының арасындағы Маматлакала тау асуында болды.

Автобуста болған жолаушылардың ішінде сегіз жасар қыз ғана аман қалған. Бүлдіршін ауыр жарақат алғанымен жағдайы тұрақты.

«Автобус көпірдегі қоршауға соғылғанда қыз автобустан ұшып кеткен, сол себепті аман қалды деп есептейміз», – деді Оңтүстік Африка көлік министрлігінің өкілі Солин Мсиби.

28 наурызда болған апаттан кейін құтқару операциясы басталып, жұма таңына дейін жалғасқан. Марқұмдардың мәйіттері шатқалдан шығарылды, автобус өртеніп кеткендіктен мәйіттердің тоғызын ғана анықтау мүмкін болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: