Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауғанстандағы ахуал

21.08.2021

1538 0

дай-ақ әуежайларды да өз қарауына алған, себебі қазір елін тастап кетуге тырысқан босқындар әуежайды паналауда. Ел ішінде ту ұстап митингтік жиын өткізіп жатқан бейнероликтер тараған соң бейсенбіден бастап Хосте қаласында «белгісіз ұзақтыққа» коменданттық сағат жарияланған. Сондай-ақ мақалада белгісіз ақпарат көзінің хабарлауынша қалада «Ислам Әмірлігінің біріккен күштері минадан тазарту жұмыстарын жүргізіп болғанға дейін» бұл шектеу шаралары сақталатыны жазылған. Хостеда және оның аудандарында шамамен 650 мың тұрғын бар екен.

Арна тілшілері тәліптердің оппозиционерлерге қарсы мұндай шара қолдануы олардың «билігі жиырма жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұстамды және инклюзивті болады» деген сөздеріне қайшы келеді деп бағалауда.

Дегенмен ел ішінде әлі де болса митингтік шаралар да, оларға қарсы шектеу де жалғасып жатыр. Әсіресе 19 тамыз – Ауғанстанның тәуелсіздік алған күніне орай (1919 жылы Ұлыбритания басқарудан бас тартқаннан бастап 19 тамызда Ауғанстан тәуелсіздік күнін тойлайды) ереуілге шыққандар саны артқан.

Ел астанасы Кабулда қара-қызыл және жасыл түсті мемлекеттік туды ұстап талибандарға қарамастан мерекелік күнді атап өтуге жүздеген адам шыққан. Олар тәліптердің туын құлатқан, ол ісі үшін ауаға ескерту оғы атылған.

Сондай-ақ 19 тамызда атылған оқ дауысы бұған дейінгі күндерге қарағанда едәуір қарқынды болған, – деп жазады тілшілер. Сәрсенбі күні Джелалабадта орталық алаңдағы туды құлатқан бірнеше адамға содырлар оқ атқанын және соққының астына алғанын арнаға куәгерлер хабарлаған. Ал бірнеше жыл жұмыс істеп келген ауған әйелдері енді өз қауіпсіздіктері үшін алаңдаулы.

Ел астанасының әуежайында шетел асып кеткісі келетін босқындар саны күн сайын артуда. Олардың барлығы тексеру пунктінен өтіп, ұшу алаңына жетуге тырысып жатыр. Дегенмен Пентагон оларға қауіпсіз транзит қамтамасыз ете алмайтынын, соңғы 5 күнде 7000 адамды алып кеткенін хабарлаған.

Ал Джо Байден АҚШ азаматтарын алып кету үшін өзі қойған соңғы күннен Америка сарбаздары тағы бірнеше күн кешігуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ бұл хабар ауғандық әріптестеріне жетпегендіктен әуежайдағы хаос тоқтамай, елден кеткісі келетіндер саны азаймай тұр.

АҚШ азаматтарының Ауғанстаннан шығару күні жақындаған сайын әуежайдағы тәртіпсіздік үдей түскен. Ал Америка өз кезегінде әзірге азаматтарды елге қайтару ісін тоқтатып, мұның себебін әуежайдағы қауіпсіздікке зиян келтірмеу мақсатында деп түсіндірген.

Сәрсенбіде Пентагон өкілі Джон Кирби АҚШ сарбаздары тәліптердің жергілікті қолбасшыларымен байланыста екенін хабарласа, қорғаныс министрі Ллойд Остин әзірге азаматтарды бірден жинап алып кету мүмкін болмай тұрғанын мәлімдеген. Сондай-ақ Джон Кирби АҚШ-тың азаматтарын шығару 31 маусымнан кейінге шегерілетіні әлі белгісіз екенін, шегерілетін жағдайда тәліптермен келіссөз жүргізілетінін хабарлады.

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде тор қоршаудың артынан ауған аналары өздерінің нәрестелерін америкалық әскерилерге табыстап жатқан бейнелері тарады. Бұл өз кезегінде ауған халқы елдің болашағын қалай елестетінін дәлелдегендей.

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес нәрестелерді ата-аналарынсыз қабылдай алмайтынын, сол үшін аналар балаларымен қайта қауышу үшін ұмтылатынын айтқан. Сондай-ақ ол сарбаздарға өз елін тастап кеткісі келетіндермен жұмыс істеу «өте қиын» екенін де тілге тиек етті.

Бен Уоллес олар барынша босқындарды алып кетуге тырысып жатқанын айтқан. Алайда арна тілшілеріне сұхбат берген бірнеше босқын құжаттары дұрыс болса да оларды алып кетуден бас тартып жатқанын айтқан.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, тәліптер елді басып алғаннан бері әуежайда шамамен 12 адам өлтірілген. Оларға өткізу пунктіне немесе ұшаққа қарай ұмтылғанда оқ атылған.

Голландиялық эвакуациялау ұшағы сәрсенбіде жолаушыларсыз қайтуға мәжбүр болған, ал Еуро одақтың бас дипломаты Хосеп Боррел барлық босқынды алып кету мүмкін еместігін айтқан. «Ол адамдар бұған дейін Еуро одақтың миссиясын және міндеттерін іске асыруда белсенді болды. Алайда олардың барлығын елден алып кете алмаймыз», – деді ол.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: