Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аустралияда 50-ден астам кит өлді

26.07.2023

357 0

Батыс Аустралияда жағаға шығып қалған 50-ден астам ұшқыш кит өлді. Бұл туралы BBC арнасы хабарлайды.

 «Өкінішке қарай, бір түнде 51 кит Чейнс жағажайының жағасында қалып, мерт болды» – деді Саябақ және жабайы табиғат қызметі.

Ұшқыш киттердің жағаға шығу оқиғасы сейсенбі күні орын алған. Олар Чейнс жағажайындағы жағалаудан шамамен 100 метр жерге тұрақтаған. Киттер жағаға шыға бастаған бойда Саябақ және жабайы табиғат қызметі оларды аман алып қалу үшін шұғыл әрекет еткен. Сол күні түнде шамамен 51 кит өлген. Ал билік аман қалған 46 китті теңізге қайтаруға тырысуда.

Айта кетейік, Аустралияның Тасмания жағалауында киттің жаппай қырылу оқиғасы өткен жылы да орын алған. Ол кезде қырылған кит саны 230 болатын. Ал 2018 жылы Батыс Аустралияда 150 кит қырылған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: