Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Байден АҚШ-та энергия қуатының тапшылығы қауіпіне байланысты төтенше жағдай жариялады

07.06.2022

1412 0

АҚШ президенті Джо Байден елдегі энергия қуатының тапшылығы қауіпіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар Азиядан әкелінетін күн батареяларын баж салығын босату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап. 

Мәлімдемеде АҚШ-қа тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін көбірек электр қуатын өндіруге кедергі келтіретін көптеген фактор бар екені айтылған. 

«Мен Кіші Джозеф Р. Байден Америка Құрама Штаттарының президенті, Америка Құрама Штаттарының конституциясы мен заңдарында берілген өкілеттік бойынша электр энергиясын жеткілікті деңгейде өндіруге кедергі келтіретін төтенше жағдайдың бар екенін жариялаймын», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Байден Камбоджа, Малайзия, Таиланд және Вьетнамнан әкелінетін «күн батареяларының белгілі элементтерін» баж салығынан екі жылға босатты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: