Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Беларусь президенті Қазақстанға Ресеймен одаққа қосылуды ұсынды

29.05.2023

559 0

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ядролық қару үшін Ресеймен одаққа қосылуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Лукашенконың сөзінше, мемлекеттер арасында қосылу үшін бірегей мүмкіндік бар.

«Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үшін уайымдайды деп ойламаймын. Егер Қазақстан мен өзге елдерде де Ресеймен біздің арамыздағы секілді тығыз қарым-қатынас орнағанына ешкім қарсы болмаса, бұл өте оңай. Бар болғаны Ресей мен Беларусь одағына қосылу керек. Сонда ядролық қару барлығына ортақ болады. Бұл менің пікірім, ресейліктердің пікірі емес. Бірақ бұл мүмкін деп ойлаймын. Бірігу үшін біздің елдеріміздің арасында бірегей мүмкіндік барын стратегиялық тұрғыдан түсінуіміз керек», – деді Лукашенко «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасының эфирінде.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусь одақтық мемлекеттері туралы айтқан еді. Президент екі ел арасындағы байланыс туралы сөз етіп, “ядролық қарудың да ортақ” екенін мәлімдеген. 

Кейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің форумда айтқан сөздеріне пікір білдіріп, Қазақстанның қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырмағанын мәлімдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: