Бейсенбі, 05 желтоқсан, 00:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Билік өкілі блогерлердің табысын бақылайды

30.09.2024

341 0

Фото: Depositphotos.com

Түркияда әлеуметтік желі арқылы ақша табатындарға арнайы салық салынатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің Қаржы министрлігі қолданыстағы заңға енген өзгертулерге сай интернетте тауар сататындар мен түрлі контент арқылы ақша табатындардың арнайы мемлекеттік куәлік алып, банктен есепшот ашулары қажеттігін айтты. Сол есепшотқа түскен ақшадан мемлекет 15 пайыз ұстап отырады.

Бұл заң сондай-ақ, мобильді қосымша жасап, сол арқылы пайда табатындарға да қатысты болмақ. Дегенмен әзірге заң міндетті емес, тек ерікті түрде салық төлеуге итермелейді. Ал осы ереже бойынша салық төлейтіндер қосымша құн салығынан босатылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: