Сенбі, 21 желтоқсан, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Бір қадам артқа шегінбейміз»: Ресей президенті Владимир Путин үндеу жасады

27.06.2023

695 0

Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей басшысының айтуынша, қарулы бүлік қалай болғанда да басылатын еді. Көтеріліс ұйымдастырушылары мұны жақсы түсінген.

“Олардың барлығы да, соның ішінде қазір орасан зор сыртқы қауіп-қатерге, бұрын-соңды болмаған сырттан қысымға төтеп беріп отырған елді бөлшектеу және әлсірету үшін қылмыстық әрекеттерге барғандарын түсінді. Бұл уақытта соғыс алаңында “бір қадам артқа шегінбейміз!” деп жолдастарымыз өліп жатқан еді”, – дейді Путин.

Путин көтерілісті ұйымдастырушылар өз еліне, халқына опасыздық жасап, қылмысқа тартылғандарды сатып жібергенін атап өтті. Оларға өтірік айтып, оларды өлімге, отқа айдап салған, өз жақтастарына қарсы оқ атуға мәжбүрлеген.

“Дәл осылай болғанын – бауырлардың бір біріне оқ атқанын, Ресейдің жаулары: Киевтегі неонацистер де, олардың батыстық жақтаушылары мен ұлттық сатқындардың түр-түрі де қалаған еді.Олар орыс сарбаздарының бірін-бірі өлтіруін, әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың қырылуын, соңында Ресей жеңіліп, қоғамымыз екіге бөлініп, қанды азаматтық қақтығысқа тұншығуын қалады”, – дейді Ресей президенті.



Путиннің пайымдауынша, Ресейдің жаулары майдандағы сәтсіздіктері үшін кек алуды армандап, алақандарын ысқылаған, бірақ олардың ойы қате болған.

“Көтерілісшілердің жолын кесіп, парызына, антына, халқына адал болған барша әскери қызметкерлерімізге, құқық қорғау органдарына, арнайы қызметшілерге алғыс айтамын. Қайтыс болған батыр-ұшқыштардың батылдығы, жанқиярлығы Ресейді қайғылы жойқын зардаптардан құтқарып қалды”, – дейді ол.

Путин “Вагнер” (жеке әскери компания – ред.) тобының жауынгерлері мен командирлерінің басым көпшілігі де өз халқы мен мемлекетіне берілген патриоттар екенін білетінін атап өтеді.

“Мұны олар Донбасс пен Жаңароссияны азат еткен ұрыс даласында ерліктерімен дәлелдеді. Оларды ел үшін, оның болашағы үшін бірге күрескен қарулас бауырларына қарсы пайдалануға тырысты”, – дейді Путин.

Путиннің айтуынша, оқиғаның басынан-ақ оның тікелей нұсқауымен үлкен қантөгіске жол бермеу шаралар жасалған. 



“Мен дұрыс шешім қабылдаған солдаттарға және Вагнер тобының командирлеріне алғыс айтамын – олар бауырластық қантөгіске бармай, соңғы сәтте тоқтап қалды. Бүгін қорғаныс министрлігімен немесе басқа да құқық қорғау органдарымен келісім-шартқа отырып, Ресейге қызмет етуді жалғастыруға немесе отбасыңыз бен достарыңызға оралуға мүмкіндігіңіз бар. Қалағандары Белоруське кете алады. Мен берген уәде орындалады. Қайталап айтамын, әркім өз таңдауын жасай алады, бірақ бұл өзінің қайғылы қателігін түсінген орыс жауынгерлерінің таңдауы болатынына сенімдімін”, –дейді Путин.

Путин сондай-ақ Беларусь президенті Александр Лукашенкоға күш-жігері мен жағдайды бейбіт жолмен шешуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

“Бірақ қайталап айтамын, бұл күндері шешуші рөл атқарған азаматтардың патриоттық рухы, бүкіл Ресей қоғамының бірігуі болды. Бұл қолдау отанымыз үшін ең қиын сынақтарды бірге еңсеруге мүмкіндік берді”, – дейді Владимир Путин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: