Жұма, 27 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бір тәулікте 527 адам көз жұмған

21.12.2021

840 0

Германияда соңғы бір айда эпиадуахуал өршіп, науқастар көрсеткіші бойынша антирекорд орнауда. Ақпан айынан кейін оңалған ахуал қайта күрделеніп, төртінші толқынмен күресіп жатқан елде бір тәулікте вирустан көз жұмғандар саны артты. Осы орайда CNN арнасының тілшілері Лаура Смит-Спарк пен Стефани Халастың «Германияда ақпан айынан бері Covid-19-дан ең көп өлім-жітім тіркелді» тақырыбында мақаласы жарияланды.

Ауруларды бақылау және күресумен айналысатын Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта барлығы 69601 жаңа жағдай тіркеліп, 527 адам індеттен қайтыс болған. Бұл Covid-19-дан бір тәулікте 534 адам қайтыс болған 18 ақпандағы нәтижеден кейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Германияда бір апта ішінде ауру деңгейі аздап төмендеді, бірақ вирустың жұғу фактісі бойынша 100000 тұрғынға шаққанда 427 жағдайды құрап, күрделі нәтиже көрсетіп тұр. Жалпы, пандемия басталғалы елде коронавирустан 104047 көз жұмған.

Жағымсыз жаңалық Олаф Шольц Германия канцлері ретінде ант берген күні жарияланды. Енді елдің жаңа денсаулық сақтау министрі болып парламент депутаты және білікті эпидемиолог Карл Лаутербах тағайындалды.

Өткен аптада Германия вакциналанбағандар үшін жалпыұлттық шектеу туралы жариялады. Бұл олардың супермаркет пен дәріханалар сияқты инфекциялармен күресуде маңызды саналатын орындардан басқа барлық жерге баруға тыйым салды. Коронавирустан жақында айыққандарға бұл шектеу тыйым салмайды.

Көптеген аурухананың жансақтау бөлімі науқастардың көбеюімен күресуде, ал неміс дәрігерлері реанимация бөлімшелерінің жүктемесі өткен қыстағыдан асып кетуі мүмкін деп ескертті.

Коронавирустың тез таралатын нұсқасы Омикронның пайда болуы Германияны да алаңдатуда. Сейсенбіде Оңтүстік Африкада жұмыс істеп жатқан зерттеушілер «Omicron» нұсқасы «Pfizer» вакцинасы ұсынатын қорғанысқа қарсы тұра алатынын, дегенмен бұрын жұқтырып, кейін вакциналанған адамдар жақсы қорғалған болуы мүмкін екенін айтқан. Дегенмен зерттеу тобы бұл алдын ала пайымдау екенін де ескертті.

Егер мақұлданса Германияда вакциналау науқаны көрші Австрияның ізімен жүріп, ақпан айынан бастап вакцина алуға болатын ересектерге екпе салуды жоспарлап отыр.

Грекия өткен аптада вакцина қаңтардың ортасынан бастап 60 жастан асқан адамдар үшін міндетті болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ел үкіметі вакцина салдырудан бас тартқандар ай сайын 100 еуро (113 доллар) көлемінде айыппұл төлейтінін де айтып өтті.

Ал Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласының мамандары «Omicron» штамының ықтимал әсеріне алаңдаулы екенін айтып, екпенің алғашқы екі компонентін алған адамдарға бустерлік вак-циналау шарасынан өтуді ұсынуда. Өткен аптада Ұлыбританияда аурудың жаңа нұсқасының бірқатар жағдайлары анықталған соң дүкендерде және қоғамдық көлікте бетперде тағу талабын қайта енгізді. «Қазіргі уақытта Англияның көптеген аумағында қоғам арасында жаңа штамм таралуда», – деді Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид «Omicron» штамы бойынша елдегі ахуал жайында сөз қозғағанда.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: