Жексенбі, 29 желтоқсан, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Boeing ұшағы әуеде жанып кетті

09.06.2024

743 0

Сурет:Airlive.net

Канадалық Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777 ұшағының қозғалтқышы әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң жанып кетті. Бұл туралы Airlive.net порталы хабарлайды.

Оқиға 5 маусымда болғаны белгілі болды. AC 872 рейсі Торонтодан Парижге ұшпақ болған. Шенеуніктер Boeing 777 бортында 389 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болғанын жеткізді.

Ұшу-қону жолағында бақылаушы түсірген видеода ұшақ ауаға жүздеген метрге көтеріліп, кейін қозғалтқышы жана бастағн. Көп ұзамай ұшақ жерге қонған.

Air Canada мәлімдемесіне сай өрт компрессордың тоқтауына байланысты қозғалтқыштың ақауынан туындаған.

Авиакомпания кейін ұшақтың қалыпты түрде қонғанын мәлімдеді. Сақтық шарасы ретінде оны жедел әрекет ету машиналары қарсы алған.

Деректерге сай, зардап шеккендер жоқ, ал жолаушылар сол күні кешке басқа ұшаққа орналастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: