Сенбі, 21 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Даниядағы Мысыр елшілігінің алдында тағы да Құранды өртеді

26.07.2023

556 0

«Даниялық патриоттар» радикалды тобының мүшелері Дания астанасындағы Мысыр елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Исламға қарсы бес белсенді Копенгагендегі Мысыр елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді. Бұл көршілес Швецияда Құран өртелгеннен кейінгі Данияда бір аптадан аз уақыт ішінде орын алып отырған үшінші оқиға», – деп хабарлады агенттік.

Бір күн бұрын бұл ұйым мүшелері Копенгагенде Иран мен Ирак елшіліктерінің ғимараттары алдында Құран Кітапты өртеген.

Дания мен Швеция мұсылмандардың қасиетті кітабының өртенгеніне өкініш білдірді. Бірақ сөз бостандығын қорғайтын ережелерге сәйкес, олар келісілген наразылық шараларына кедергі келтіре алмайды. 

Шілденің 9-ы күні Стокгольмде «Құранды өртеуді доғарыңдар» атты акцияға 3 мыңға жуық адам қатысты. Шеру 28 маусымда қасиетті кітапты өртеген қала орталығындағы Медборяплатсен алаңында өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: