Бейсенбі, 07 қараша, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

«Доксури» тайфунынан 800 мыңнан астам адам зардап шекті

31.07.2023

370 0

 Шығыс Қытайдағы Фуцзянь провинциясының Су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес штабы «Доксури» тайфунынан 880 мыңнан астам тұрғын зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі

354,4 мың адам эвакуацияланды және 146,2 мың адам қауіпсіз аудандарға көшірілді.

          Қытайдың ұлттық метеорология орталығы (ҰМО) жексенбі кешке тағы да жауын-шашынға байланысты ескертудің «қызыл» деңгейін ұзартты. ҰМО болжамы бойынша, Хэбэй, Шаньси, Хэнань, Шаньдун, Хайнань, Юньнань және Сычуань, Гуанси-Чжуан провинциялары мен Шыңжан-Ұйғыр автономды аудандарында, Ішкі Моңғолия автономды ауданында, сонымен қатар Бейжің мен Тяньцзинь орталықтан басқаратын қалаларда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

          Осы аудандарда жауын-шашын мөлшері сағатына 70 мм-ден артық түседі, оған күн күркіреп, жел қосылады.

          Жергілікті билік органдары қажетті апаттық-құтқару жұмыстарын тиімді өткізуді қамтамасыз ету керек екенін ескертті.

          ҰМО көпшілік іс-шараларды, сабақты, шаруашылық істерді тоқтата тұруға шақырып, таудан аққан тасқын, көшкін немесе сел сынды табиғат апаттары болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

          Бұған дейін «Доксури» тайфуны жерге шыққан кездегі желдің жылдамдығы 50 м/с дейін жеткені хабарланған. Тайфун солтүстік-батыс бағытта қозғалып, сағатына 30 шақырым жылдамдықпен құрлықтық Қытайға барады, күші біртіндеп азаяды деген болжам бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: