Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Дронмен жасалған шабуылдан 12 адам қаза тапты

06.03.2024

589 0

Сурет: massaget.kz

Ресейдің Одессаға жасаған соққысынан он екі адам қаза тапты, оның бесеуі – бала. Соның салдарынан Одесса облысында жексенбі күні соққыдан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Украинаның әскери-әуе күштері 2 наурызға қараған түні Ресей Украинаға Х-59/Х-35 зымырандармен және ұшқышсыз ұшақтарымен шабуыл жасағанын хабарлады.

17 дронның 14-і атып түсірілді, бірақ Одесса және Харьков облыстарына соққылар жасалды.

Қаза тапқандар арасында әскери қызметкерлер Олег пен Татьяна Кравецтер, сондай-ақ олардың үш баласы бар.

3 наурыз күні таңертең құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін шығарып жатқанда оның жанынан сәбидің денесін тапты.

«Анасы 8 айлық баласын қалқалауға тырысқан. Баланы аман алып қалғысы келген. Бала оның құшағынан табылды», – деп хабарлады Украинаның ТЖД.

Кейінірек 8 айлық баланың есімі Елизавета екенін, ата-анасы Татьяна және Олег Кравецтің бірге мерт болғанын хабарланды.

Кешкі уақытта құтқарушылар ерлі-зайыптының тағы екі баласын, яғни Татьяна Кравецтің бірінші некесінен туған балалары – тоғыз жасар Сергей мен сегіз жасар Златаның мәйітін тапты. Бір қуаныштысы, шабуыл кезінде Татьянаның үшінші баласы Владимир ауылда ата-әжесімен бірге болған.

Олег пен Татьяна Кравец әскери адамдар еді, екеуі жұмыста танысқан. Кейін Татьяна жаңа туған қызына қарау үшін жұмысын тастап кетті.

«Бұл – Одесса облысы үшін ғана емес, бүкіл Украина үшін үлкен қайғы. Іздеу шаралары әлі жалғасып жатыр», – деп жазды Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Олег Кипер.

Облыс билігі қаза тапқандардың арасында 35, 40 және 54 жастағы үш ер адам, 73 және 31 жастағы екі әйел және үш жасар, төрт айлық ұл бала бар екенін хабарлады.

2 наурыз күні кешке үйінді астынан 31 жастағы Анна Гайдаржи мен оның төрт айлық ұлы Тимофейдің мәйіттері шығарылды. Құтқарушылар анықтағандай, анасы ұлын кеудесіне қысып алған. Ал көрші бөлмеде болған әйелдің күйеуі мен қызы аман қалған.

Анна Гайдаржи – Одесса Пересип шіркеуінің пасторы Николай Сидақтың қызы.

Одан бөлек үйінді астынан үш жасар Марк пен оның әкесі Виталийдің мәйіттері табылды. Баланың анасы Анастасия жансақтау бөлімінде жатыр. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтің мәліметінше, тағы 9 адам зардап шекті, оның ішінде біреуі – бала.

2 наурызда түнгі сағат екіде ұшқышсыз ұшақ тұрғын үйге соғылып, 18 пәтерді қиратты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Бізге көбірек әуе қорғанысы қажет. Біздің халықты ресейлік лаңкестіктен қорғау үшін Украинаның әуе қалқанын күшейту қажет. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері көбірек, зымырандарға қарсы қорғаныс адамдардың өмірін сақтайды», – деді президент Зеленский.

3 наурыз күні түстен кейін өз үндеуінде Владимир Зеленский украиналық балалар Ресейдің әскери нысанасы екенін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: