Дүкенде өрт болып, 39 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды. Оқиға Қытайдың Цзянси провинциясында орын алды – деп хабарлайды Massaget.kz.
24 қаңтарда сағат 15:30 шамасында (жергілікті уақыт бойынша) Цзянси провинциясының Синью қаласының Юшуй ауданындағы көше дүкенінде өрт шыққан. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.
Басылым кейінгі уақытта Қытайда адам шығынына әкеп соғып жатқан өрт жиілеп кеткенін жазды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!