Қатты жаңбыр мен дауылдың салдарынан Дубай су астында қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласындағы су тасқыны бейнеленген видеолар жариялап жатыр.
Khaleej Times газетінің мәліметінше, ауа райына байланысты метро жұмысы бұзылған. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимарат пен ауданда электр және сумен жабдықтау істен шықты.
Ауа райының құбылмалы жағдайында Дубай мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушылары үшін қашықтан жұмыс істеу мерзімін ұзартты.
Сонымен қатар, билік жеке компанияларды қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге шақырды.
Кейбір аудандарда Дубай тұрғындарының биіктігі тізеге жететін суды кешіп, өтіп бара жатқанын көруге болады. Олардың көпшілігі шалбарын орап, су басқан жолды кесіп өтіп жатыр. Басылым мәліметі бойынша, адамдар байсалды, өйткені тура осындай жағдай қалада өткен айда да болған.
Қалада әуе рейстері тоқтатылады және кешіктіріледі.
Mash басылымының мәліметтері бойынша, метро станциялары мен Dubai Mall сауда орталығының бірі су астында қалды. Ал сарапшылар бұл сәуірді ел тарихындағы ең суық деп таныды.
Рас-Эль-Хайма әмірлігінің көлік басқармасы тұрғындарға қалалық және қалааралық автобус қызметі уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
БАӘ футбол қауымдастығы 16 сәуірге жоспарланған барлық матчтың болмайтынын жариялады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!