Жұма, 27 желтоқсан, 05:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде Түркияның жетекші оқу орындарының филиалдары ашылады

11.09.2023

394 0

Биыл жеті айда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3,6 млрд долларға жеткен.

Геосаяси және экономикалық ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін толық пайдалануы керек. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің орынбасары – cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір әлемдегі геосаяси және экономикалық ахуал күрделі болып тұрғанын білесіздер. Осыған байланысты біз көлік-транзит саласындағы мүмкіндіктерді әрі қарай арттыруға баса назар аудардық. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін толық пайдалану арқылы тасымалды ұлғайту қажет деген байламға келдік.

Бұған қоса, транзиттік бағдарлардың диверсификациясы ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Түркия теміржолын түрік тарапы пайдалану мүмкіндігін ортаға салдық, – деді министр.

Министрдің пікірінше, қос ел арасындағы әскери және қорғаныс-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтасты дамыту маңызды. Бұл еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті.

Сондай-ақ тарихы, тілі және құндылықтары бір елдеріміздің мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтіп, нақты іс-шаралар өткізу маңызын атап өттік. Түркияның жетекші университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашу мәселесі пысықталып жатыр. Соңғы 3 жылда Түркияда оқитын студенттердің саны 2900-дан 8200-ге дейін өсті, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Түркия мен Қазақстан арасында әуе қатынасының жиілігі 40-тан 93-ке дейін артқан. Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттары бойынша әуе рейстері ашылды. Басқа ірі қалаларды байланыстыратын бағыттарды қарастыру көзделген. Қазір Ақтау мен Шыменттен әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастылырылып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: