1 мамырда Флорида штатында жүктіліктің 6 аптасынан кейін түсік жасатуға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тыйым Флорида Жоғарғы сотының тиісті шешімінен бірнеше аптадан кейін күшіне енді. Қатаң тыйымдар енді Американың бүкіл оңтүстігін қамтиды. Бұл елдің қалған клиникаларына жүктемені арттырады.
Флоридада өткен жылы 84,000-нан астам түсік жасаған. Оның ішінде 9,000-нан астамы штаттан тыс науқастар.
Флоридадағы түсіктердің шамамен 60% жүктіліктің алты аптасынан кейін жасалады.
«Тыйым күшіне енгеннен бір күн бұрын, Флорида штатының Гейнсвилл қаласындағы түсік жасату клиникасы мүмкіндігінше көп пациенттерді қабылдауға тырысты”, – делінген хабарламада.
Сәуір айы бойы клиниканың жұмыс уақыты артты. Флорида штатында түсік жасамас бұрын адамдарға кем дегенде 24 сағат бұрын жеке кеңес алу талап етіледі.
Ал, осы жылдың наурыз айында Франция әлемде бірінші болып түсік жасату құқығын Конституцияға бекітті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!