Сенбі, 23 қараша, 05:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Енді Оксфордта қазақ тілі оқытылады

26.01.2024

723 0

Сурет:massaget.kz

Оксфордта қазақ тілі оқытыла бастайды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл жағымды жаңалықты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Өздеріңізге айтқанымдай, Лондонға сапарым аясында біз табысты жетістіктерге қол жеткіздік. Тек бұл емес, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған делегациямен бірге әлемдегі ең беделді ЖОО-на арнайы барудың реті келді. Нақтырақ айтар болсам, әлемдегі бірегей ЖОО саналатын Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатынын сүйіншілеп айтқым келеді.

Ұлыбританияның оқу орнына ат басын тіреген соң Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты көне қолжазбалары таныстырылды. Бодлиан кітапханасы – өте ірі, рухани ордалардың бірегейі. Бұл кітапханада Түркі философы Шейх Ахмед Таразидың «Кемелдік ғылымы» қолжазбасының жалғыз данасы сақталғанын айтып өткім келеді. Сонымен қатар, университетке экскурсия жасап, тарихымен етене танысып шығудың сәті түсті», – дейді министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, ол жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен де кездескен. 

«Мұнан соң ұлыбританиялықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырып, бұл еңбектің қаншалықты маңызға ие, іргелі зерттеулердің негізінде жазылған еңбек екендігін баяндап өттім. Сөздіктің алғашқы басылымы 60 мыңнан астам сөз бар және еңбек 1300 беттен тұрады.

Сонымен қатар, осы сапар аясында мен қазақстандық Илон Маск, жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездестім. Санжарды мен ертеректен жақсы білемін. Естеріңізде болса, Tesla ұйымдастырған Not-A-Boring Competition турниріне қатысқан қазақ жігіті Санжар Тайжан мен оның командасы ұсынған бұрғы машинасы Илон Масктың назарына іліккен болатын. Міне осындай жас ғалыммен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түскеніне мен ерекше қуаныштымын», – дейді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: