Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді оқушыларға телефон ұстауға тыйым салынбақ

01.12.2024

2021 0

Сурет:istockphoto.com

Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі мектептер мен жоғары оқу орындарында ұялы телефондарды қолдану тәртібін реттейтін жаңа ереже жобасын әзірледі. Бұл бастама оқушылардың денсаулығын сақтау, оқу процесінің сапасын арттыру және әлеуметтік ортаны жақсарту мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды  24.kg.

Білім беру ұйымдарында мобильді құрылғыларды пайдалану тәртібін бекіту туралы қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобада білім беру мекемелерінің оқушылары мен қызметкерлері ғимаратқа кіргенде телефондарын дыбыссыз режимге ауыстыруға міндетті екені көрсетілген. Мектеп оқушылары сабақ уақытында құрылғыларын өшіріп, арнайы бөлінген орындарға тапсыруға тиіс. Телефонды тек үзіліс кезінде немесе төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат беріледі. Сондай-ақ мектеп ішінде телефондарды қуаттауға тыйым салу ұсынылған.

Министрлік телефондарды келесі жағдайларда қолдануға қатаң тыйым салуды көздеп отыр:

  • зорлық-зомбылық, қатігездік немесе порнографияны насихаттайтын материалдарды тарату;
  • білім беру мекемесінің беделіне зиян келтіру;
  • заңсыз фото және бейнематериалдарды түсіру мен тарату.

Жаңа ережеге сәйкес, мұғалімдерге де сабақ кезінде телефонды білім процесіне қатысы жоқ мақсаттарда қолдануға тыйым салынбақ.

Министрлік бұл шаралар оқушылардың назарын оқу процесіне шоғырландыруға, мектептердегі буллингтің алдын алуға және цифрлық құралдарды теріс пайдаланудың жолын кесуге көмектеседі деп сендіріп отыр. Қоғамдық талқылау аяқталғаннан кейін жоба бекітіліп, қолданысқа енгізілуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: