Фото: Podrobno.uz
Әлеуметтік желіде келін кір жуғыш мәшинеге кіріп, ішінде киімдерді жуып, артынша енесі тағы кір киімдер әкеліп жатқаны туралы бейнеролик тарады. Өзбекстанда бұл видео қызу талқыға түскен, – деп хабарлайды Podrobno.uz .
Кіржуғыш мәшинеде отырған келін қанша кір жуса да енесінің көңілі толмайды. Бір кезде таңғажайып нәрсе болады – келін барлық киімді қолымен мұнтаздай тап-таза етіп жуып шығады. Себебі көмекке жергілікті брендтің кір жууға арналған құралы келеді. Ролик те жарнама болып шыққан.
Видео Желі қолданушыларының да ашуына тиген.
«Әйел адам раснда осындай деп ойлайтын адамдар бар»
«Әйел адам – кір жуғыш мәшине емес»
«Бұл ролик арқылы нені меңзегендерін түсінбедім», – делінген пікірлерде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!