Сенбі, 28 желтоқсан, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ең бай адамдар құл саудасымен айналысқаны үшін сотқа тартылды

23.06.2024

581 0

Сурет: AFP 2024 / Gabriel Monnet

Ұлыбританияда ең бай адамдар қатарына кіретін Хиндуджа отбасының төрт мүшесі құл саудасымен айналысты және адамдарды еңбек құлдығында ұстады деген айыппен сотқа тартылды. Бұл туралы  BBC хабарлайды. 

Сотқа тартылғандар қатарында ерлі-зайыпты Пракаш мен Камала Хиндуджа, олардың ұлы Аджай мен жұбайы Намрата бар. Айыптаушының дерегіне сәйкес қылмыс Женевадағы Хиндуджа отбасылық вилласында орын алған. Женевалық прокурор Ин Бертосса оларды ұзақ мерзімге қамап, миллиондаған айыппұл төлеуге шақырды. 

Тағылған айыпқа сәйкес миллиардерлер Үндістаннан үйге қызметші жалдаған. Жаңа қызметкерлерді Швейцария арқылы жіберген, кейін құжаттарын тартып алып, үйден шығуға тыйым салған. Қызметшілерді 18 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлеп, тәулігіне 8 доллар ғана төлеген. Бертоссаның сөзінше, бұл қаржы Хиндуджаның итіне жұмсайтын ақшадан бірнеше есеге аз. 

Миллиардерлер прокурорлармен келісімге келіпті. Олар еңбек құлдығы бойынша айыпты алып тастау үшін өтемақы төлеуі керек. Дегенмен құл саудасы бойынша айып әлі алынбаған.

Ал Хиндуджалардың адвокаты қызметшілерге тамақ пен баспана берілгендіктен, еңбекақысы аз болғанын айтыпты. Сондай-ақ бала күтушілер миллиардерлермен бірге кино көргенде жұмыс істемейді, сондықтан жұмыс уақыты ұзақ екенін жеткізіпті. Әзірге төлқұжаттарын не үшін тартып алғанын олар түсіндіре алмаған. 

Хиндуджа отбасының байлығы 47 миллиард долларға бағаланады, олар Hinduja Group конгломератын құрған. Еншілес компаниялар автокөлік өнеркәсібі, қаржы, мұнай салалары, медиа мен телекоммуникация, денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: