Жексенбі, 24 қараша, 06:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ер адам түшкіремін деп кеңірдегін жыртып алды

16.12.2023

756 0

Сурет: stan.kz

Таиланда тұрғыны түшкіремін деп кеңірдегін жарақаттап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адамның гүлдерге аллергиясы болған екен. Көлік жүргізіп келе жатқанда түшкіргісі келіпті, бірақ тізгінді жоғалтып алмау үшін көзін қатты жұмбауға тырысқан. Сондықтан түшкіргенде мұрны мен аузын қолымен басып қалған. Бастапқыда мойын тұсы қатты ауырып, кейін ісіп кетіпті. 

Ауруханаға бармайынша ер адамның мойнындағы ісігі қайтпаған. Сонымен қатар тыныс алғанда қиындықтар туындап, сөйлегенде және жұтынғанда ауырсынуды сезініпті. Мамандар ер адамды рентгенге түсіріп, хирургиялық эмфиземді анықтаған. Бұл диагноз ауа тері астына кіріп кеткенде қойылады екен. 

Компьютерлік томография кезінде науқастың кеңірдегі 2 миллиметрге жыртылып кеткенін көрсеткен. Әдетте түшкіру кезінде кеңірдек сирек жарақаттанады екен. Бірақ ер адам мұрны мен аузын жабу арқылы тыныс жолдарындағы қысымды 20 есеге арттырып жіберген. Науқасқа ота жасамаған, ал жарақаты 5 аптадан соң толығымен жазылып кеткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: