Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адамның кесілген басы табылды

03.08.2023

889 0

Жапония полициясы өткен айда Саппородағы қонақүйде басы кесілген мәйіт табылғаннан кейін тұтқындалған отбасының үйінен ер адамның басы түсірілген видеожазбаны тапты, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Видеожазбада қолғап киген әлдекімнің қолының кесілген басты ұстағаны көрсетілген.

Видео шілде айының басында ер адамның мәйітін зақымдады деген күдікпен қамауға алынған 59 жастағы психиатр Осаму Тамура мен оның 29 жастағы қызы Рунаның үйіндегі ванна бөлмесінде түсірілген.

Тамураның әйелі Хироко да қамауға алынды.

Полиция видеоны олардың үйін тінту кезінде тапқан.

Ер адамның басы Саппородағы Сусукино ойын-сауық ауданындағы қонақүйде кесілген деген болжам жасалды.

Жәбірленуші – 62 жастағы Хитоши Ура осы жылдың 1 шілдесінде кешкі сағат 22:50 шамасында қонақүйге кірген.

Полицияның пайымынша, оны сол күні кешкісін қонақүйге психиатрдың қызы Руна Тамура ертіп барған.

Келесі күні түнгі сағат 2 шамасында жәбірленуші жатқан қонақүй бөлмесінен бір адам чемоданмен шығып кеткен.

Бұған дейін Жапонияда қонақүйден басы жоқ мәйіт табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Артынша Саппоро қаласындағы қонақүйлердің бірінде ер адамның басын кесіп тастады деген күдікпен жергілікті дәрігер мен оның қызы, әйелі қамауға алынды.

Кейін дәрігердің үйінен ер адамның басы табылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: