Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ерлі-зайыпты смартфон үшін балаларын сатқан 

13.08.2023

697 0

Үндістанда iPhone сатып алу үшін баланы сатып жіберген жұп ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

The Indian Express басылымының дерегіне сәйкес Батыс Бенгалиядағы Баракпор тұрғыны Джайдев Гош пен әйелі Сатхи сегіз айлық сәбилерін сатып жіберген. Бұл әрекеттерін олар атақты болғысы келуімен байланыстырған. Сондықтан смартфон алып, әлеуметтік желіге қысқа видеолар жүктемекші болыпты. Бірақ олардың жоспарын көршілері бұзды. 

Ата-анасы баланың сенбі күні жоғалғанын айтып полицияға жүгінген. Ал көршілері олардың қымбат заттарды сатып алғанын көргеннен кейін күдіктеніп, полицияға арыз жазыпты.

Тергеу кезінде әйел елді аралап, саяхаттау үшін ақша керек болғандықтан күйеуімен бірге балаларын Кхардах ауылының тұрғынына сатқанын мойындаған. Олар сахат барысын видео түсіріп, желіге салмақшы болыпты. 

Жұп 7 жасар қыздарын да сатпақ болыпты. Алайда бұл жоспарлары іске аспады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: