Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі омикронға қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

14.09.2022

795 0

 ҚазАқпарат – Еуропа дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) Адамдарға арналған дәрі-дәрмек комитеті коронавирустың омикрон нұсқасының жаңа және жұқпалы түрлеріне арналған вакцинаны мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл нұсқа адамдарды COVID-19-дан қорғау үшін қолжетімді вакциналардың арсеналын одан әрі кеңейтеді, өйткені пандемия жалғасып жатыр және суық мезгілде инфекцияның жаңа толқыны пайда болуы мүмкін», – делінген EMA коммюникесінде.

Құжатта Comirnaty Original/Omicron BA.4-5 вакцинасы кем дегенде алғашқы COVID-19 вакцинациясын алған, 12 жастан асқан адамдарға арналған деп түсіндірілген.

Pfizer/BioNTech жасаған «екі валентті» инъекция – BA.4 және BA.5-тің жоғары инфекциялық нұсқаларына бағытталған және 27 елдің блогында мақұлданған алғашқы түрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: