Сенбі, 21 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Еуропада эпидахуал ушықты

15.01.2022

1324 0

АҚШ пен Еуропа елдерінде соңғы уақытта коронавирусқа қатысты эпидахуал ушығып кетті. Соның ішінде «омикрон» штамын жұқтырғандар көптеп анықталып, науқастар саны артуда. Елде антирекорд орнауына байланысты ВВС арнасы «АҚШ вирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткішін жариялады» деген тақырыпта мақала жариялады.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің ха­бар­лауынша, Америкада өткен аптада жаңадан вирус жұқтырған 440 000 адам анықталған. Франция, Италия, Греция, Португалия мен Англияда да мұндай жағдай орын алған. Сала өкілдері бұл антирекордтың «рождество» мейрамының кесірінен болған кешік­тірудің әсері болуы мүмкін деген де болжам жасауда.

Зерттеу бойынша «омикрон» бұған дейінгі «дельта» штамына қарағанда әлсіздеу. Дегенмен мамандар кең таралған вирустың кесірінен ауру­ханалардың жүктемесі арта ма деп алаңдаулы. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «омикроннан» келетін кесел «аса қауіпті» болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Польшада сәрсенбіде 794 адам вирустан көз жұмып, бұл төртінші толқындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып тіркелген. Алайда қайтыс болғандардың көбі вакциналанбаған. АҚШ-тың Науқастарды бақылау және алдын алу орталығы 441278 адам вирус жұқтырғанын хабарлаған. Бұл агенттіктің бұрынғы мәліметтерінің ішінде ең көбі.

Агенттіктің баспасөз хатшысы сонымен қатар «Politico» баспасына берген мәлімдемесінде бұл жағдай «рождестводағы» демалыстарға байланысты болуы мүмкін екенін және жаңа жылдан соң жағдай реттелуі мүмкін екенін айтқан.

Америкалық инфекционист Амеш Адаль BBC-ге берген сұхбатында «омикрон» вакциналарға төтеп беруі мүмкін екенін айтқан.

«Сондықтан біз вирус жұқтырғандар санының артқанын көруіміз мүмкін. Ең бастысы, оны вирус жұқтыру қаупі жоғары адамдардан алшақ ұстауымыз қажет. Әйтпегенде біз шынымен ауыр жағдайға тап болып, ауруханадағы науқастар санының өсімін көреміз», – дейді сарапшы Амеш Адаль.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жария­лаған есепке сәйкес, коронавирус инфек­циясының барлық нұсқаларының жаңа жағ­дайлары Еуропада 57 процентке және Америкада 30 процентке өскен.

Франция сейсенбіде вирус жұқтырған 179 807 жаңа науқас тіркелгеннін хабарлады. бұл Еуропадағы ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. Францияның ден­саулық сақтау министрі Оливье Веран «Бұл бізге қаңтар айының басында елде күн сайын 250 мың вирус жұқтыруы мүмкін» деген ескерту жасады. Ал  Премьер-министр Жан Кастекс жаңа шектеулер енгізді. Елде бустерлік вакцина салдырушылар артып, бүгінгі күні 23 миллионнан астам адам екпе алған.

Сонымен қатар Еуропаның басқа да мем­лекеттері антирекорд орнағанын айтып, дабыл қағуда. Англиялық фармацевтер ПЦР-тест теріс жағдайды көрсеткен кездің өзінде 6-7 күнге оқшаулануды ұсынуда.

Франция мен Англия тұрғындарына қауіпсіздік шаралын ұстану ұсынылса, Испанияның астанасы Мадридте келушілер санын шектеп мерекені атап өтетінін айтқан. Италия ашық аспан астында іс-шара жасауға және жабық түнгі клубтардың жұмысына тыйым салған. Десе де жеке жиындарға ешқандай шектеу жоқ.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: