Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Еуропалықтар бас қосты

08.10.2022

659 0

Еуропаның 40-тан астам елінің көшбасшы­лары Прагада жаңа саяси форумының алғашқы тарихи отырысына жиналды. Жиында Ұлы­британия премьер-министрі Лиз Трасс саммитте Франция президенті Эммануэль Макронды «дос» деп атады. Бұған дейін оның «дос немесе дұшпан» екенін айтудан бас тартқан еді. Кездесуге Еуроодақ, Түркия, Норвегия және Балқан елдерінің басшылары қатысты. Саммит туралы ВВС арнасының тілшісі Джессика Паркер «Британдық Трасс еуропалық көшбасшылармен Украинадағы соғыс туралы үлкен саммитке қосылды» атты мақаласында жазды.

Украина президенті Владимир Зеленский бейне­байланыс арқылы сөйлесе, Германия канцлері кездесуді «Үлкен жаңалық» деп атады. Басшылар Украинадағы соғысқа назар аудара отырып, энергетика, миграция және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Украина президенті саммитте: «Енді біз Еуропа­ның барлық мүмкін күшін соғысты тоқтатуға және Украина, Еуропа мен бүкіл әлем үшін ұзақ мерзімді бейбітшілікке кепілдік беруге бағыттайтын мық­ты ұстанымдамыз», – деді. Кездесуден кейін Ұлыбритания премьер-министрі Трасс: «Көш­басшылар бұл саммиттен Ресей агрессиясына қарсы тұру үшін үлкен ұжымдық шешіммен кетеміз. Прага­дағы кездесу Украинамен ынтымақтастық пен бос­тандық, демократияны қолдау қағидаттарының күшті демонстрациясы болды», – деді.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл блог жазбасында Ресей басып алғаннан кейін ЕО мен НАТО еуропалық тәртіпті қайта қарастыру және реформалау қажет екенін айтты.

Бірінші отырысқа Ұлыбританиядан басқа ЕО-ға кірмейтін елдер, яғни Швейцария, Түркия, Норвегия, Исландия, Грузия, Әзірбайжан және Батыс Балқан елдері қатысты.

Кейбіреулер бұл саммитты оны ескі идеялардың көмескі қайталануы деп есептеп, оның нақты рөлі әлі нақтыланбағанын алға тартуда. Олар жаңа ұйымда арнайы мамандар жоқтығын айтты. Сол себептен кездесуде жасалған шешімдердің жүзеге асуы да екіталай екені айтылды.

Көпшілік бұл саммитке бұған дейін қарсы болған Грасстың қатысуына таңғалды. Ресми мәлімет бойынша, премьер-министр Украинаға қолдауды «күшейткісі» және энергетикалық қауіпсіздік пен көші-қон бойынша ұжымдық әре­кетті «жандандырғысы» келгендіктен қатысқан. Ұлыбритания үшін тағы бір ерекшелік – түрік көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанның, сондай-ақ Ұлыбританияның негізгі энергия жеткізушісі Норвегияның қатысуы болды.

Еуропалық саяси қоғамдастық (EPC) шын мәнінде не үшін қажет екені көпшілікке қызық. Ресми мәлімет бойынша бұл қоғамдастық НАТО немесе «G7» тобын алмастырмайды. Бұл ЕО-ға кіруге үмітті елдер үшін жайлы «күту залы» да емес. Бұл сондай-ақ ЕО институттары үстемдік ететін де форум емес-мыс.

Келесі EPC саммиті жарты жыл немесе бір жылдан кейін Молдовада өтеді деп жоспарлануда. Егер жоба әрі қарай жүзеге асса, Ұлыбритания кезек бойынша төртінші болып өткізбек.  Бірақ британдық шенеуніктер EPC туралы бейтараптық  танытып, саммитті қажетсіз деп таныған уақытта қоғамдастықтан шығатынын айтқан.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: