Сәрсенбі, 27 қараша, 06:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Газа секторында Қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапты

24.10.2023

683 0

Қазақстандық Юлия Әбу-Меалақ Газа секторын атқылау салдарынан қаза тапты. 

“22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкініштісі, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да мерт болды”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Отандасымыздың күйеуі – Палестина азаматы. Олар Газа секторында ұзақ уақыт бойы тұрған.

7 қазанда басталған Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс күшеюде. Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

Еске салайық, 21 қазанда Израиль Газа секторын толық қоршауға алғанын мәлімдеді. ЦАХАЛ спикері Авичай Адридің сөзінше, құрлық операциясы мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін жалғасады. Сондай-ақ Израиль Газа секторына әскер кіргізуге дайын.

Ақпарат көздері: stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: