Израиль әскері палестиналық радикалды ұйым ХАМАС-ты жою және 7 қазанда Израильге шабуыл кезінде аталған ұйым тұтқынға алған адамдарды босату үшін Газа секторының аумағына кірді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз ұлтына телеүндеуде айтты. Кazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Израиль азаматтары, өткен түні біздің құрлықтағы әскеріміз Газа қақпасынан өтіп, зұлымдық апанына кірді. Бұл – нақты мақсаты бар соғыс: ХАМАС-тың көзін жою және тұтқындарды қайтару», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!