Қала басшысы бұл шараның мақсаттары трафикті азайту және кептелістерді төмендету екенін түсіндірді. Сербияның астанасы Белградта 1 қаңтардан бастап қоғамдық көлікте жүру тегін болады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сондай-ақ, бұл қала экологиясын жақсартуға септігін тигізуі мүмкін, өйткені ауа көлік шығарындыларымен ластануда.
Қазіргі уақытта Сербия астанасындағы қоғамдық көлікте 1,5 сағаттық жүру ақысы 50 динари (шамамен 240 теңге) тұрады. Қалада шамамен 200 автобус бағыты, 11 трамвай және сегіз троллейбус желісі бар.
– Өткен жылы Белградта алғашқы метро желісінің құрылысы басталды. Балқанның басқа да ірі қалаларындағы сияқты, Белградта да автокөліктердің көптігінен туындаған ауа ластануы үлкен проблема болып отыр, – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!