Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Каспийдегі балықтардың жаппай қырылуына байланысты Экология министрлігі түсініктеме берді

31.08.2022

610 0

Желіде Каспий теңізіндегі су бетіне шыққан өлген балықтар көрсетілген кадрлар тараған болатын. Осыған орай қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Балық шаруашылығы комитеті қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы ғылыми ұйымдары, облыстың ветеринария қызметі, табиғатты қорғау және ішкі істер департаменттері, табиғатты қорғау прокуратурасы) жедел түрде жауап берді. Балықтардың қырылуы мүмкін жерлерді анықтау мақсатында «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері жедел түрде Каспий теңізі жағалауын зерттеуге жіберілді.

Айтуларынша, 2022 жылдың 30 тамызында сағат 15:00-дегі жағдай бойынша бақылаудағы акваторияның едәуір бөлігін инспекторлар тексергенімен, балықтардың өлген жері табылмаған. 

“Желдің күшейіп, су массаларының толқындануына байланысты әуе кемесін пайдалану туралы шешім қабылданды”,- деді ҚР Балық шаруашылығы комитеті.

Енді Каспий теңізінің автомобиль және су көлігі үшін қол жетімсіз акваторияларын тікұшақпен зерттеу жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: