Солтүстік Кореяның жоғарғы басшысы Ким Ченн КХДР соғыстың алдын алу үшін кез келген уақытта ядролық қаруды қолдануға дайын болу керек екенін мәлімдеді деп хабарлайды Reuters сайты.
Солтүстік Корея басшылығы сынақ кезінде ұшырылған тактикалық ракета 800 км ұшып, нысанаға тигенін хабарлады.
Пхеньян ядролық соғысқа дайын болу керек екенін айтты.
Бұған дейін КХДР билігі 16 наурызда «Хвасон-17» құрлықаралық баллистикалық ракетасын (ICBM) сынақтан өткізгенін айтты. G7 елдерінің СІМ басшылары жүргізілген сынақты қатты айыптап, мұндай әрекеттер аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретінін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!