Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көлге құлаған ұшақтағы 19 жолаушы қаза тапты

07.11.2022

885 0

Танзания жолаушылар ұшағы Букоба қаласында жағалауға қонып жатқан кезде Виктория көліне құлады. Ұшақ бортында 43 адам болған, оның кем дегенде 19-ы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жедел қызмет 26 адамды, оның ішінде 2 ұшқышты құтқарып қалғаны хабарланған болатын.

Алайда кейін елдің премьер-министрі ұшқыштардың алған жарақатынан қаза тапқанын мәлім етті.

Precision Air авиакомпаниясының ATR 42 жолаушылар орташа магистральдық ұшағы Танзанияның ең үлкен қаласы Дар-эс-Саламнан Мванза арқылы Букобаға ұшқан болатын.

Оқиға куәгерлерінің бірі Абдул Нури Би-би-Сиге ұшақтың суға құлағанын көргенін айтты.

«Нағыз шок болды. Бәрі дүрбелеңге түсті, ал кейбіреулер айқайлап, жылай бастады. Күтіп алу аймағындағылар да үрейлене бастады», – деді ол.

Нуридің айтуынша, жергілікті балықшылар ұшақ суға құлағаннан кейін сонда жүзіп, стюард ашқан артқы есік арқылы құтқарып алған.

Апаттың себебі – ауа райының қолайсыздығы, алайда апаттан кейін жаңбыр тоқтап, құтқарушылар оқиға орнына жеткен.

Апаттан кейін ұшақ толық суға батып, тек артқы жағы су бетіне шығып тұрды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: