Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көшкіннің салдарынан 12 адам мерт болды

06.08.2023

662 0

Грузияның Шови ауылында таң атқалы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы кезде құтқарушыларға әскер қосылды, деп хабарлайды Новости-Грузия агенттігі.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, бүгін сағат 15:00-де курортты ауылды көшкін басып қалғанына екі тәулік болды.

Мерт болғандар саны 12 адамға жетті, тағы 25-29 адамға іздеу жарияланды. Бұл сандар қайта-қайта өзгеріп жатыр, 210 адам эвакуацияланды.

Құтқарушылар бүгін көшкін басып қалған саяжайлар мен коттедждерге де жетеді деген үміт бар.

Грузияның әлеуметтік желілері көшкін кезінде жоғалып кеткен адамдардың суреттеріне толы.

Оқиға болған аймаққа еріктілер келіп жатыр. Алайда полиция арнайы дайындығы мен құрылғылары жоқ адамдарды жібермеуге тырысуда.

Елде Аза тұту күні 7-ші тамызға белгіленгеніне қарамастан көптеген ойын-сауық іс-шараларына тыйым салынды.

Осыған дейін Грузияның таулы аймағында көшкін жүріп, 70 адам эвакуацияланғанын жаздық.

Сондай-ақ Грузияда қаралы күні 7-ші тамызға белгіленгенін хабарладық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: