Жұма, 22 қараша, 09:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Көз жұмғандар бар: Жасөспірім мектепте оқ атып, 30 адамды жаралаған

05.09.2024

361 0

Мектеп оқушысы оқ жаудырып, 30-ға жуық адам жараланды, қаза тапқандар бар. Оқиға АҚШ-та орын алған. Бұл туралы CNN жазды.

Сәрсенбі күні таңертең Джорджия штаты Барроу округі Виндер қаласындағы Апалачи орта мектебінде атыс болды. Оқ атқан 14 жастағы жасөспірім болуы мүмкін. Бірақ ол осы мектептің оқушысы екені әзірге нақты анықталмады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті тірі және қамауда.

Барроу округінің шерифі Джад Смит оқиға орнында өткен баспасөз мәслихатында билікке таңғы сағат 9:30 шамасында оқиға туралы қоңырау түскенін айтты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің саны туралы хабарланған жоқ. Сонымен бірге атыс салдарынан төрт адамның қаза тапқаны белгілі болды. Тағы тоғыз адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің айтуынша, барлығы 30-ға жуық адам жараланған. Алайда олардың қаншасы оқтан жарақат алғаны белгісіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: