Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Лондондағы Биг-Бен сағаты тоқтап қалды

26.08.2022

865 0

ҚазАқпарат – Ұлыбританияның басты символдарының бірі – Биг Бен мұнарасындағы сағат техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалды.

«Бүгін Елизавета мұнарасындағы сағаттың тілі уақытты дұрыс көрсетпей тұрғанын байқаған боларсыз. Сағаттың негізгі компоненттерін жөндеу үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келді», – делінген Британия Парламентінің Twitter-дегі ресми парақшасында.

Сағат көп ұзамай қайта іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Биіктігі 96 метрлік Вестминстер сарайының сағат мұнарасын 1856 жылы ағылшын сәулетшісі Август Пугин салған. Мұнара Виктория дәуірінің ескерткіші саналады және ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Салмағы 13,7 тонна болатын Биг-Бен қоңырауы әр сағат сайын, ал қосымша қоңыраулары әр 15 минут сайын соғылады. 157 жыл бойы қоңырау үзіліссіз дерлік жұмыс істеп келді.

Дегенмен, 2017-2021 жылдар аралығында Биг-Бендегі сағатқа жөндеу жүргізілді. Мұнараға жеделсаты орнатылып, сағаттың бетіне диод жарықтары ілінді, ал механизмі қалпына келтірілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: