Фото: Massaget.kz
Ресей астанасы Мәскеу қаласының батысындағы 1-Сетунь жолының бойында жүргізілген құрылыс жұмыстары барысында 10-нан астам адамның қаңқасының бөліктері табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«1-Сетунь жолының бойында жүргізілген жоласты құрылымдарын бұзумен байланысты құрылыс жұмыстары барысында бұрын мейрамхана болған жерден 10-нан астам адамның денесінің бөліктері табылды»,-деді агенттіктің дереккөзі.
Мәскеу прокуратурасының мәліметтері бойынша, 10 адамның бассүйегі мен 10-нан кем емес бассүйек фрагменттері 3,5 метр тереңдіктен табылды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, дене бөліктерінің жатқанына шамамен 20-30 жыл болған»,-делінген қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тергеушілер тексеріп жатыр. Процессуалдық тексерудің жүргізілу барысы мен нәтижелері Никулин ауданаралық прокуратурасының бақылауында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!