Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде он төрт иорданиялық қаза тапты және 17 адам жоғалып кеткен. Бұл жайлы Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген, – деп хабарлайды «News.am» .
Сенбі күні министрлік қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан екенін айтқан. Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.
Сәрсенбіде аяқталатын қажылық – әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажылар қатысады.
Соңғы 30 жылда бұл іс-шарадағы жүздеген өлім-жітімнің себептеріне шатырдағы өрттер, күн тию, қысылып қалу және басқа да факторлар жатады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!