Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп қызметкері тауық қанатшаларын ұрлағаны үшін 9 жылға сотталды

15.08.2024

213 0

Вера Лидделл өзінің мектептегі қызметін пайдаланып, құны 1,5 миллион доллар болатын тауық қанатшаларын ұрлаған. Оқиға Американың Иллинойс штатында орын алған. Бұл туралы  New York Post басылымы хабарлайды. 

68 жастағы Лидделл соңғы он жылда Иллинойс штатындағы Харви мектебінде азық-түлік қызметтерінің директоры болып жұмыс істеді. 2020 жылдың шілдесінде, коронавирус пандемиясынан оқушылар қашықтан оқуға жіберілгенде ол тауық қанатшаларына көп мөлшерде тапсырыс берген. Оқушылардың қашықтан оқығанына қарамастан олардың үйіне тамақ жіберілу керек еді. Бірақ Лидделл тамақтарды қызметтік көлікке тиеп, белгісіз бағытта кетіп қалып жүрген. Ал оқушылар аш қалған. 

Осылайша 2022 жылдың ақпанына дейін әйел жалпы құны 1,5 миллион доллар болатын 11 мың қорап тауық қанаттарын ұрлаған. Мектеп басшысы тексеру жүргізіп, азық-түлік бюджетінің 300 мың долларға артық игерілгенін анықтағанда әйелдің қылмысы әшкере болды.

Сотталушыға ұрлық жасап, қылмыстық кәсіпкерлікті ұйымдастырды деген айып тағылды. Сот қылмысы үшін оны 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: