Жексенбі, 24 қараша, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік мектептерде мұсылман көйлектерін киген оқушылар сабаққа кіргізілмеген

06.09.2023

617 0

Франциядағы мемлекеттік мектептерде оқушыларға мұсылман көйлектерін тыйым салынған еді. Алайда соған қарамастан ұзын көйлек киіп білім ордаларына келген бірнеше оқушылар сабаққа кіргізілмеді. Бұл туралы ВВС басылымы хабарлайды.

Жалпы, ресми мәліметтерге сәйкес, жаңа оқу жылының басында 15 және одан жоғары жастағы 298 қыз мектепке тыйым салынған киіммен келген.

Бұл тыйымнан соң кей студенттер сабақтарын талапқа сай бастауға келісті. Алайда 67 бойжеткен талапты орындаудан бас тартқан және сол үшін үйлеріне жіберілген.

Енді ережеге сәйкес, мектеп әкімшілігі бұл оқушылардың ата-аналарымен диалог бастауы тиіс. Бірақ бұл көмектеспесе, олар оқу орындарынан шығарылады.

Францияда биыл жалпы саны 12 миллионға жуық оқушы оқуын бастаған. Соған қарап билік тыйым салу талаптарын қоғам қабылдап, сақталып жатыр деп есептейді. Алайда Франциядағы кейбір мұсылмандардың мүддесін қорғайтын топтың бастамасымен сот процесі басталып жатыр.

Атап айтқанда, мектептерде хиджаб киюге сонау 2004 жылы тыйым салынған болатын. Бүгінде  бірнеше айлық белсенді талқылаулардан кейін бұл талап қайта күшіне енді.

Мұсылман оқушы қыздардың жиі киетін абая кию мәселесі қоғамдағы күрделі саяси қақтығыстарға себеп болды. Оңшыл партиялар толық тыйым салуды талап етсе, солшылдар мұсылман әйелдері мен қыздарының құқықтарының тапталуына қарсы.

Жалпы, Францияда мектептерде діни атрибуттарды, соның ішінде үлкен крест тәрізді христиандық белгілерді киюге қатаң тыйым салу 19 ғасырдан бері күшінде. Тыйымның басты мақсаты католиктік шіркеудің білімге ықпалын азайту болды.

Еске салсақ, Францияда мемлекеттік мектептерде оқушыларға мұсылман көйлектерін киюге тыйым салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: