Жұма, 27 желтоқсан, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Миллионер әке байлығын 20 жыл бойы ұлынан жасырған

28.03.2024

769 0

Сурет: el.kz

Қытайлық миллионер Чжан Ю Ду 20 жыл бойы өзіне тиесілі активтерін туған ұлынан жасырып келген. 51 жастағы ер адам Malia Prince тағамдар компаниясының негізін қалаушы екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Чжан Ю Ду миллионердің ұлы әкесінің компаниясы бар екенін білсе де, өте қарапайым жағдайда өсті. Алайда, бала нақты мән-жайды білмеген. Әкесі ұлына бизнесті сақтап қалу үшін үлкен қарызға батқанын айтқан.

24 жастағы Цзы Лу Хунань провинциясындағы ең жақсы мектепті бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін, әкесіне қарыздарын өтеуге көмектесу үшін жұмыс табуды армандайды. Кейін жас жігіт әкесімен ашық сөйлескеннен кейін қаржылық әл-ауқаты туралы біледі. Осылайша бай отбасы 10 миллион юань (670 миллион теңге) тұратын сарайға көшті, ал кіші Чжан әкесінің компаниясында жұмыс істей бастады. Жігіт өзін лайықты көшбасшы ретінде көрсеткен жағдайда компанияға иелік ететіні айтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: