АҚШ-та Милтон дауылы кезінде зардап шеккен ер адамды құтқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес ер адам балық аулайтын кеменің капитаны. 10 қазанға қараған түні Милтон дауылы АҚШ жағалауына жеткенде кемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Дауыл басталғаннан кейін көп ұзамай ер адаммен байланыс үзілген.
10 қазан күні кешке құтқарушылар капитанды жағалаудан 48 шақырым жерден тапты. Ол құтқарушы жилетін киіп алып, мұхитта тоңазытқыштың үстінде отырған. Ер адам ауруханаға жатқызылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!