Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Музыкант 8 жыл бойы жалаңаяқ жүрген

19.08.2023

469 0

39 жастағы музыкант Бен Доннеллидің жалаңаяқ жүргеніне 8 жыл болған. Ол университетте оқып жүргенде аяқ киімнен бас тартып, ыстық асфальт, дымқыл жер және тіпті қардың үстімен де жалаңаяқ жүріп бастаған, – деп хабарлайды «Metro» басылымы.

Беннің айтуынша, ол аяқ киімінің жоқтығына үйреніп қалған. Ол ыстықта да, аязда да аяқ киімсіз жүре бере алады, оған тіпті шұлық қажет емес.

Ол бірнеше рет аяғын әйнекпен кесіп, терісін күйдіріп те алған. Бастапқыда бұл жағымсыздық сыйлаған, бірақ қазір оның терісінің қатайып кеткені соншалық, ол етікпен жүргендей ештеңе сезбейді.

Ол сондай-ақ қоғамдық орындарда аяқ киім кимейді. Кейде біреу оның аяғын басып кетеді, сол кезде ауырады, бірақ бір минуттан кейін кез-келген ыңғайсыздық кетеді.

Беннің айтуынша, бұл тәжірибе оған тек пайда әкелді.

Біріншіден, оның аяғы күшті бола түсті. Бұлшықеттер қатайды, енді ол әлдеқайда ұзақ жүре алады және мүлдем шаршамайды.

Екіншіден, оның аяғы жалпақ бола түсті.

Үшіншіден, оның аяғы қазір терлемейді. Жазда ыстықта жүргенде де, ер адам жабысқақтық немесе ылғалдылық секілді жағымсыз сезімдермен қиналмайды.

Оның тағы бір артықшылығы: ол буындар ауыруын ұмытты.

Бен бұрын аяқ ауыруымен қиналған, ол әсіресе ұзақ жұмыс күнінен немесе ұзақ серуендеуден кейін мазалайтын болған.

Бәрінен бұрын Бен Доннелли жылы жаңбырдан кейін тротуарда жалаңаяқ жүруді ұнатады.

Кімдерге жалаңаяқ жүруге болмайды?

Соңғы жылдары жалаңаяқ жүру әлем бойынша танымалдылыққа ие. Медициналық тұрғыдан алғанда, мұндай жүрудің басты артықшылығы – майтабандылықтың алдын алу.

«Біз жерде жалаңаяқ жүргенде, аяқ киіммен жүргенде қимылдамайтын бұлшықеттер жұмыс істей бастайды. Бұл тобықтағы бұлшықеттерді, байламдарды және буындарды нығайтады және табиғи аяқ массажының әсерін береді», — дейді травматолог Анвар Гиниятов doctorpiter порталына.

Алайда, жалаңаяқ жүруге қарсыкөрсетілім бар. Мысалы, қант диабеті асқынған адамдарда терінің кез-келген зақымдануы гангренаның дамуына себеп болуы мүмкін. Бүйрек аурулары мен ревматизмі бар науқастарға суық жерде серуендеуге болмайды: температураның өзгеруі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: