Жұма, 27 желтоқсан, 07:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде мыңдаған адам жараланды, қаза тапқандар бар

04.07.2022

621 0

Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанның Нүкіс қаласындағы наразылық акциясынан кейін мыңдаған адамның ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында Өзбекстан конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық шеруінен кейін мыңдаған адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы автономия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Сұлтанбек Зияев Daryo.uz басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мыңдаған жаралы ауруханаға жатқызылды, олар емделіп жатыр. Оларға медициналық көмек көрсетілуде», – деді ол. Алайда ол зардап шеккендердің нақты санын айтаған. Сөзінше, Нүкіс қаласындағы ауруханалар науқастарға толып жатыр.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің баспасөз қызметі жексенбі күні Қарақалпақстан (Өзбекстанның солтүстік-батысы) парламентінің депутаттарымен және республика белсенділерімен кездесуінде бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында құрбан болғандар бар екенін айтты.

«Мемлекеттік ғимараттар мен күзетілетін нысандарға шабуыл жасалды. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қаза тапқандар бар», – деді ол.

Президент зардап шеккендер мен қаза тапқандар санын жарияламады.

Еске салсақ, 1 шілдеде жергілікті билік Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады. Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қаза тапқандар санын нақтыламады. 

Наразылық шерулері 1 шілдеде үкімет референдумда аймақтың егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыратын жаңа конституция жобасын ұсынғаннан кейін басталды.

Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанды автономиядан айыру жөніндегі бастапқы жоспарларынан бас тартты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: