Ресейде «Стародворские сосиски» Жабық акционерлік қоғамында «Сливушки» брендінің шұжықтарынан егеуқұйрықтың тырнағы табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің Курган облысындағы Роспотребнадзор департаментіне сапасыз өнімге шағым түсіп, Владимир облысындағы департаментке жіберілді. Қадағалау органы өнімді «техникалық регламент талаптарын бұзу» деп атады.
«Тексерулерге мораторий жағдайында кәсіпорындар өздерінің өндірістік объектілерінде бақылауды әлсіретеді. Оның салдары өнім сапасының төмендеуі мен адам денсаулығына зиян тигізетін әртүрлі оқиғалардың орын алуына алып келеді», – деді Роспотребнадзор жанындағы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Олег Павлов.
Павлов бұл жағдай кәсіпорында қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмайтынын көрсетеді деді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!