44 оқушы мен мұғалімді экскурсияға алып бара жатқан автобус өртеніп кетті. Қайғылы оқиға Таиландта орын алған- деп хабарлайды Massaget.kz.
Утхай Тхани провинциясынан келе жатқан автобус бөгеуге соғылып, салдарынан дөңгелері жарылып кеткен. Артынша автобустың жанармай бактары жарылып, өрт шыққан.
Алдын ала болжам бойынша, 44 жолаушының 25-і қаза тапқан. Ал елдің көлік министрі Сурия Джуангрунгруангкит қаза тапқандардың саны нақтыланып жатқанын хабарлады. Тағы 16 оқушы мен мұғалім ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар мен өртсөндірушілер қызыл жалынды сөндірген. Алайда автобустағы температура жоғары болғандықтан қаза тапқандардың денесін алып шығу мүмкін болмай тұр. Таиландтың премьер-министрі Паэтонгтарн Шинаватра қаза тапқандар туралы ақпаратты растап, қайғыра көңіл айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!