Самарқандта жергілікті тұрғын ұстазына мұғалімдер мен тәлімгерлер күніне орай пәтер сыйлады.
Самарқандтың №1 жалпы білім беретін мектебінің ана тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умида Муминова іші жиһаз, техникаға толған жаңа екі бөлмелі пәтердің иегері атанды. Мұғалімнің дәл осындай сыйлық алған видеосы желіде тарады.
Пәтерді сыйлаған ер адам жылжымайтын мүлік сатумен және үй салумен айналысады екен.
«Мұнда жаңа үйлер салынып жатқанын біліп, қызығушылық таныттым. Бір таңғаларлығы, құрылыс компаниясының директоры бұрынғы оқушым болып шықты. Бірнеше күннен кейін маған қоңырау шалып, құжаттарды қалдыруымды өтінді. Олар бұл сыйлық екенін айтты», – деді Умида Муминова.
Аты-жөні белгісіз кәсіпкер мұғалімдерге алғысын білдірді.
«Олар үлкен құрметке лайық. Біздің мұғалім шын жүрекпен сабақ беретін. Оның арқасында осындай адам болдым деп ойлаймын», – деді ер адам.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!