Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Отбасынан ажырап, жоғалып кеткен балалар саны 21 мыңға дейін жетуі мүмкін

26.06.2024

376 0

Сурет: stopwar.org.uk

«Балаларды құтқару» гуманитарлық көмек беру тобы Израиль мен Хамас арасындағы соғыс салдарынан Газа секторында хабар-ошарсыз кеткен немесе отбасынан ажыраған балалар саны 21 мыңға дейін жетуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, бұл ұйым 1953 жылдан бері өңірдегі палестиналық балаларға қолдау көрсететін ұйым. Ал ұйымның мәліметінше, 17 мың бала отбасынан ажырап, қараусыз қалса, тағы 4 мың бала үйінді астында қалған.

Хабар-ошарсыз кеткен балалар өкінішке қарай күрделі қатермен бетпе-бет келеді және олар табылуға тиіс. Оларды қорғап, отбасыларымен табыстыру керек. Өлтірілген балалар үшін: олардың өлімі ресми түрде аталып өтіліп, отбасыларына ақпарат беріліп, жерлеу рәсімі сақталуы қажет. Ал кінәлілер жауапқа тартылсын, – деп атап өтті Қиыр Шығыстағы «Балаларды құтқару» ұйымының өңірлік директоры Джереми Стоунер.

БҰҰ Жоғары комиссары басқармасының деректеріне сүйенсек, 2023 жылғы 7 қазанда соғыс басталғалы бері Газа секторында 15 мыңдай бала өлтірілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: