Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Педофильдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

21.10.2022

968 0

Қырғызстанда балалардың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырау фактісінің өсуіне байланысты Қырғыз Конституциясында педофилдерге жаза ретінде өлім жазасын қарастыру ұсынылды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылдың 8 айында ғана 14 жастағы кәмелетке толмаған балаға қатысты 1 кісі өлтіру (зорлау, жыныстық құмарлықты күштеп қанағаттандыру), 35 зорлау фактісі (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 15 жағдай, 14-тен 18-ге дейін 20), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың 25 жағдайы (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 16 факт, 14 жастан 18 жасқа дейін-9) тіркелген.

Аса ауыр жағдайлардың көбею тенденциясы, оның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстар қоғамды он сегіз жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасағандарға өлім жазасын қайтару жөнінде терең ойлануға мәжбүр етті.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің 61 депутатынан тұратын топ Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді.

Фото: img.huffingtonpost.com

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: